Алматыда депутат пен ресейлік ресторатор Кіші Алматы өзені маңында құрылыс жүргізіп жатыр

Қаракөз Амантай 22 мая 2025 17:51

Алматының Достық көшесінің бойында элиталық тұрғын үй кешендері мен өзге де нысандар бой көтеріп жатыр. «Курсив» басылымы бұл құрылыс жобаларына кімдердің қатысы барын және таулы аймақтар қалай игеріліп жатқанын анықтап көрді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Bellagio мейрамханасының жанында, Малая Алматинка өзенінің бойында «Дубровка» тұрғын үй кешені салынып жатыр. Құрылысқа тапсырыс беруші — «River Park Esentai» ЖШС, оның құрылтайшылары — Сәрсен Набиев пен Амирхан Набиев. Айта кету керек, Амирхан Набиев— 2014 жылдан бері Amanat (бұрынғы «Нұр Отан») партиясынан Алматы қалалық мәслихатының депутаты.

Ал Samal Resort & SPA қонақ үйі мен мейрамханасының қарсы бетінде көз тартарлық жаңа нысан бой көтеруде. Бұл жоба туралы ресейлік ресторатор Александр Орлов Instagram парақшасында жариялап, оны Queen Mountain Resort деп атаған.


Рекомендовать
Последние новости