Алматыда заңсыз салынған монша кешені сүріліп жатыр

Ақтоты Жапатова 10 сент. 2025 16:15

Алматыда Кіші Абай көшесінде орналасқан нысан сүріліп жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz. қалалық құрылыс бақылау басқармасына сілтеме жасап.

"Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлға) еш рұқсат құжаттарынсыз, нысанды заңсыз салғаны анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді", - делінген басқарма хабарламасында.

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 22 қарашада нысанды бұзу жөнінде шешім шығарған еді. Кейін ұзаққа созылған сот талқылаулары болды.

Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы нысанды бұзу жөніндегі шешім өзгеріссіз қалды.

Нысан бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүріліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости