Алматыда басты жаңа жылдық шырша қашан және қай жерде жағылады?

Көркем Алдабергенова 18 дек. 2025 09:25

Алматыда бүгін, 18 желтоқсанда Абай алаңында, Республика сарайының алдында қаланың басты жаңа жылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді. Бұл туралы мегаполис әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Салтанатты шара сағат 19:00-де басталып, 20:30-ға дейін жалғасады. Кеш барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары - Роза Рымбаева, «ЖІГІТТЕР» тобы, Әли Оқапов, «KeshYOU» тобы, Балжан Бидаш, Мади Рымбаев, ASTRA тобы және Kodi өнер көрсетеді.

Әкімдіктің мәліметінше, мерекелік кеш қонақтарын Аяз Ата мен Ақшақар, сондай-ақ өзге де ертегі кейіпкерлерімен кездесу күтіп тұр.


Рекомендовать
Последние новости