Алматыда автобуста 4 млн теңге ұрлаған адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 29 янв. 2026 15:59

Алматыда автобуста 4,1 млн теңге ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қоғамдық көлікте ұрлық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталған. Тергеу барысында күдікті таңертеңгі уақытта автобус ішінде жолаушының сөмкесінен қаражатты, сондай-ақ, алтын бұйымдарды ұрлағаны анықталды.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4,1 миллион теңгеден асты.

"Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдіктінің қылмысқа қатысы бары толық дәлелденді. Тінту кезінде ұрлық дерегін растайтын заттай дәлелдер, оның ішінде ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктінің кінәсі қоғамдық көлік салонында орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларымен де дәлелденіп отыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр", – деді Алматы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove