Алматыда 70 жастағы спортшы таудағы жарыс кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы маңындағы Іле Алатауында өткен жарыс кезінде Владимир Кривенцовқа жарыс басталғаннан кейін бірден жағдайы нашарлап кеткен. Құтқарушылар жедел көмек көрсетіп, оны «Медеу» спорт кешеніне жеткізген, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Кривенцов жарысқа дейін медициналық тексеруден өткен және қарсы көрсетілім болмаған. Ол - КСРО спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, сондай-ақ түрлі жарыстардың тұрақты қатысушысы болған.
Жарыс ұйымдастырушылары марқұмның отбасына көңіл айтып, қаржылай көмек көрсетілетінін хабарлады.