Алматыда 6-сынып оқушысы сабақта соққыға жығылған

Dalanews 16 янв. 2024 04:23 1367

Алматыда 6-сынып оқушысы денешынықтыру сабағында соққыға жығылғанын айтты. Баланың cөзінше, мұғалім оған және сыныптастарына қол көтерген. Әлеуметтік желілерде видео да тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бала соққыдан қабырғасы мен асқазаны ауырғанын мойындады. Алматы полициясы қызметкерлері тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Қабырғадан ұрды, төрт күннен бері барлық қабырғам ауырады. Ұрғанда арыздансам "шапалақпен" ұрамын деді. Ол менің форма кимейтін сыныптастарымның қолын қайырып, бәрін осылай қорқытады. Мен мектепке барғым келмейді, өйткені ол маған бірнәрсе істей ме деп қорқамын", - дейді бала.


Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша Алатау ауданы әкімшілігінің тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", - деді ол.

Рекомендовать
Последние новости