Алматыда 4 жасар қыздың анасы іздестіріліп жатыр

Dalanews 11 авг. 2016 10:49 922

 Алматы қаласы Алмалы ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген полицейлер Жібек жолы мен Абылай хан көшесінің қиылысында қадағалаусыз жүрген кішкентай қызды байқап қалады.

«Балақай жылап тұрды. Адасып қалыпты. Шешесі жақын маңдағы дүкеннің біріне кіріп кетіпті. Бірақ нақты қай дүкенге кіргенін көрсете алмады. Әріптесім екеуміз айналадағы дүкендердің біразын аралап шықтық. Баланың анасын таппадық. Бүлдіршіннің аты – Аружан екен. Шешесінің атын Бота деп айтты. Бала шамамен 4 жаста, – дейді мәселенің мән-жайын түсіндірген Әкімшілік полиция басқармасы арнайы батальонының аға инспекторы Жұма Сұлтан.
Тәртіп сақшылары баланы Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. Әзір бүлдіршіннің анасы іздестіріліп жатыр.
"Сонымен қатар баланың өз аузынан айтылған ақпараттың анық-қанығын тексеріп жатырмыз. Білетініміз баланың және анасының аты ғана. Алайда жаңа мәліметтер шығып жатса, жедел хабарлап отырамыз", – дейді Алматы қаласы ІІД Жергілікті полициясы қызметінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Бәлкім, балақай шынымен адасып қалған шығар. Ендеше бұл анасының бейқамдығынан болуы мүмкін. Сүп-сүйкімді қошақанды тастап кетті деген жүрегіміз сенбей тұр...

IMG-20160811-WA0003

Рекомендовать
Последние новости