Алматы облысында туды өртегендер ұсталды

Сағыныш Сардарова 14 нояб. 2025 10:51

13 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданында шет мемлекеттік туды және шет мемлекет басшылығының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасағандар анықталған. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша 12 адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

"Бұл дерекке қатысты араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді полиция.


Рекомендовать
Последние новости