Алматы облысында полицейлерді балағаттағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалатын болды

Сағыныш Сардарова 24 мая 2024 14:34 3625

Алматы облысында полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, Талғар ауданының полицейлері қызметтік міндетін атқару кезінде билік өкілін қорлау дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Аудан орталығы қала маңындағы саяжайлардың біріне шу мен айқайға алаңдаған жергілікті тұрғындардың шақыруына учаскелік полиция инспекторы келген. Өз міндетін атқарып жатқанда құқықбұзушылар тәртіп сақшысын балағаттаған.

Куәгерлердің айтуынша, ер азаматтар өздерін агрессивті ұстап, құқық қорғау органдарының қызметкеріне дөрекі сөйлеген. Көмекке келген патрульдік экипаж күдіктілерді жедел ұстап алып, полиция бөлімшесіне жеткізген.

Қазір тергеу жалғасып, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының өкілдеріне құрметпен қарауға шақырады.

Билік өкілін қорлау – айыппұлдар, түзету жұмыстары немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ауыр құқықбұзушылық санатына жатады.


Рекомендовать
Последние новости