Қонаев қаласында Алматы облысы Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі күні мерекесі аталып өтті. Іс-шараға 200-ден астам ауыл шаруашылығы қызметкері мен мамандар қатысты. Мереке ауыл шаруашылығының маңызын насихаттап, сала қызметкерлерінің еңбегін бағалауға арналды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев салтанатта өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің жетістіктерін атап өтіп, ауыл шаруашылығының ел азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін ерекше көрсетті. Ол аймақтағы егін және мал шаруашылығы саласында да ілгерілеу бар екенін айтты.
Мереке барысында үздік мекемелер мен шаруа қожалықтары марапатталды. Үздік қызметкерлер мен ұйымдар мемлекеттік наградалармен және арнайы сыйақылармен марапатталды:
- «Парасат» ордені – 1 адам
- «Құрмет» ордені – 1 адам
- «Ерен еңбегі үшін» медалі – 3 адам
- «Еңбек ардагері» медалі – 5 адам
- «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі – 7 адам
Үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:
- Қайта өңдеу кәсіпорындары:
1 орын – «Адал» АӨК ЖШС (800 000 теңге)
2 орын – «Дәулет Бекет» ЖШС (700 000 теңге)
3 орын – «Көк Теңіз» ЖШС (500 000 теңге)
- Заңды тұлғалар:
1 орын – «Владимир» ЖШС (YTO 804-8 тракторы)
2 орын – «Агрофирма «Керуен» ЖШС (900 000 теңге)
3 орын – «Фирма Алтай» ЖШС (600 000 теңге)
- Шаруа қожалықтары:
1 орын – «Олжас» ШҚ (YTO 804-8 тракторы)
2 орын – «BeeQueen» ШҚ (900 000 теңге)
3 орын – «Ислам» ШҚ (600 000 теңге)
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастырудағы белсенділігі үшін*:
- Аудандар арасында:
1 орын – Кеген ауданы (700 000 теңге)
2 орын – Еңбекшіқазақ ауданы (500 000 теңге)
3 орын – Қарасай ауданы (400 000 теңге)
- Ауылдық округтер арасында:
1 орын – Құйған ауылдық округі, Балқаш ауданы (600 000 теңге)
2 орын – Айдарлы ауылдық округі, Жамбыл ауданы (500 000 теңге)
3 орын – Панфилов ауылдық округі, Талғар ауданы (300 000 теңге)
Шараның соңында өңір басшысы ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне алғыс айтып, саланың дамуына қосқан үлестерін атап өтті.