Алматы әкімдігі тариф қымбаттауына байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарына өтемақы төлеуді жалғастырады

Жарбол Кентұлы 23 авг. 2024 11:32 2735

Алматы қаласы әкімдігі коммуналдық қызмет тарифінің қымбаттауына байланысты халықтың әлеуметтік осал санатына өтемақы төлеуді жалғастырады. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Коммуналдық инфрақұрылымның ескіруіне байланысты тарифті көтерудің қажеттілігі бар екенін түсінеміз, бірақ Алматы әкімдігі үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау әрқашан басты назарда, – деді Бауыржан Жаубасов ӨКҚ брифингінде.

Басқарма басшысы 2023 жылдың шілдесінен бастап қала әкімінің бастамасымен азаматтардың 9 осал санаты үшін өтемақы төлемі есебінен ТКШ қызметінің қымбаттауының салдарын теңестіруге бағытталған жобаның қолға алынғанын атады.

Бір жыл ішінде 0,8 АЕК мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік төлемді 5,7 млрд теңге сомасына 140 мыңнан астам ХӘОТ алды.

– Алдағы уақытта коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен ХӘОТ 9 санатына жататын коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлеу жалғасады, – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Алматы мәслихаты шешімінің тиісті жобасы қарастырыпы жатыр, биыл қыркүйекте бекітуге енгізіледі. Бұл ереже 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін қолданылады.

Қазіргі таңда Алматыда осы санаттағы 332 885 адам тұрады. Әлеуметтік төлемді алу үшін аталған санатқа тұрақты тіркелуі және Алматыда тұрғылықты тіркеуі болуы, қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш беруі және сәйкестендіру үшін жеке куәлік ұсынуы қажет.

Көмектің бұл түрін рәсімдегендерге өтініш берудің қажеті жоқ.

 


Рекомендовать
Последние новости