Әлгі сенатор кешірім сұрауға да жарамады

Dalanews 16 мая 2019 07:10 934

«Шенеунікті де, сотты да, прокурорды да басқа шығардық. Мұндай қоғамды Конституция жұмыс жасамайды. Мұндай қоғамда адамдар бір-бірін сыйламайды, ақшаны сыйлайды» дейді профессор Амангелді Айталы.

 – Амангелді аға, алдымен, Ата Заңымыз хақында өзіңіздің көкейде жүрген көрікті ойларыңызды білуден бастасақ деп едік. Бұдан бүрынғы бір әңгіме барысында cындapды пікір-ұсыныстарыңыз бар екендігін құлағымыз шалған еді...

– Біріншіден, Конституция дегеніміз ресми қабылданатын құжат па, әлде елдің болашағын көздейтін мұрат па? Бұл сұрақты әр мемлекет өзінің Конституциясына қояды.

Осы тұрғыдан келгенде, мынандай бір мәселе бар. Біз күні бүгінге дейін «мемлекеттік идеология жоқ, мемлекеттік идеология жасау керек», деп, айтып келеміз.

Ал Конституция дегеніміздің өзі - мемлекеттік идеология. Конституцияның әрбір бабының астарында осы мемлекеттің идеологиясы жатыр.


Бірақ еш мемлекет Конституциясын мемлекеттік идеология деп айтпайды. Бірақ ішкі саясаты да, тәрбие жұмысы да, әлеуметтік саясат та, сыртқы саясат та осы Конституциядан шығады. Сондықтан Конституция - Ата Заң. Заңның Заңы, мемлекеттің идеологиясы.

Біздің бүгінгі «мемлекеттік идеология жоқ, деп жүргеніміз» шын мәнінде, баяғы Кеңестер дәуіріндегі идеологияны аңсау. Әуелі бір идеология, модель жасап, белгілі бір қоғамның суретін салып, содан кейін сол қоғамды сол суретке қарай икемдеу, керек болса, тіпті, күштеп икемдеу идеологиясы Кеңес заманында болды. Сондықтан идеологияны айтпай-ақ, қақсамай-ақ, халықты тәрбиелейтіндіктен, «мемлекеттік идеология дегеніміз Конституция» десек, қателеспейміз.

Міне, сондықтан Конституцияда «біз қандай ел боламыз, соның ішінде ең бірінші территориямыз қандай, халқымыз қандай», деген мәселелердің бетін ашып алу керек.

Еліміздің Конституциясы туралы айтар болсақ, 1993 жылы бірінші Конституциямызды қабылдаған кезде, ашығын айту керек, Қазақстан территориясында түратын әртурлі ұлттар, ұлыстар өздерін «біз осы елдің азаматымыз» деп есептемегені ақиқат.

– Себебі?

– Ол кезде Ресеймен 7500 километр қашықтықтағы шекарамыз анықталмаған-ды. Қытаймен де шекарамыз анықталмаған болатын.

 Сол кезде Ресейде үлкен социологиялық зерттеу өткен екен. Сонда «Қазақстан туралы Сіз не ойлайсыз?» деген сұраққа жауап берген ресейліктердің төртеуінің бір «Қазақстан – орыстың жері» деп жауап беріпті. Міне, осы, тұста, 1993 жылы алғашқы Конституциямызды қабылдадық.

 Онда сыртқы жағдайды да есептедік. Ішкі жағдайды да ескердік.

 Дегенмен бірінші Конституцияда нақты шындықпен есептесуден гөрі демократиялық романтизм басым болды. Біз нарықтық әкономикаға да, демократияға да, көптеген бостандықтар мен адам кұқықтарына да оп-оңай жете қоятын секілді көрдік.

Шын мәнісінде, Конституцияда ондай құңдылықтарды атағанмен, елді бір билікке шоғырландырмай, бұл территорияда жаңа мемлекет қүру мүмкіндігі күмәнді болды.

 Сондықтан 1995 жылы біз Президенттік басқару нысанындағы мемлекетке айналдық. Және атқарушы билік те, заң шығарушы билік те, сот билігі де сол Президенттік басқару нысанына бағынышты болды. Соның арқасында елді ептеп топтастырдық. Сонымен, «тарихи жағдайдан қарағанда біз 120-дан астам ұлтты Қазақстан мемлекеті деп, ішкі жағынан икемдеп, мемлекет қүрдық», деп айта аламыз және оны сыртқа да мойындаттық. Оның құқықтық негізінде біздің Конституциямыз жатыр.

Сөз жоқ, бұл жерде көптеген мәселелер бар. Мысалы, осы күнге дейін билікті бір қолда ұстай береміз бе, әлде билікті босаңсытып, президенттік басқару нысанындағы биліктен бірте-бірте парламенттік билікке көшеміз бе, қандай қадамдар жасаймыз?


Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылының басындағы жағдайдан қазіргі жағдай бөлек. Соған қарай Конституцияға қандай өзгерістер енгізу керек? - деген мәселе 2003-2004 жылдары туды да, біздер осыны талқылай бастадық. Соның қорытындысында 2007 жылы Конституцияға азды-көпті демократиялық өзгерістер жасалды.

– Конституция бойынша идеологиялық және caяси әралуандылық танылады. Ал бізде осы саяси әралуандылық бар ма?

– Сіз өзіңіз айтыңызшы, осындай стандарттарға саймыз ба?

– Бұл сұрақты мен Сізге қойып отырмын...

– Біздегі саяси әралуандылықтың халықаралық стандарттарға сәйкес еместігі ОБСЕ-нің саммитінде де айтылды. Осыдан мынандай қорытынды шығады. Азулы билік өзінен-өзі мықты оппозиция тудырады. Әрі азулы биліктің өзі де өседі, өзін-өзі қайрайды, шыңдалады және оны оппозиция да өсіреді. Одан елдің, халықтың саяси мәдениеті, саяси ойлау қабілеті де өседі.

Біз бұған әлі жете алмай отырмыз. Биліктің партиясы мықты, басқа партиялар әлсіз, деген сөз шындыққа сай келмейді.

Мықты партияның мықты оппозициясы болған күнде ғана ол мықты билік болады. Бүгін әлсіз оппозиция әлсіз билікпен жұмыс істеп жатыр. Басқа партиялар бәсекелестікке бара алмай тұр. Барған күнде, мәдени түрде саяси пікірталас болған күнде ғана «билік мықты, ешкімнен қорықпайды, билік мемлекеттің тұтқасын мықтап ұстап отыр», деп айтуга болады.

Осы орайда басқадан бұрын экономика саласын алайық. Біздің Конституцияда «нарықтық экономика» деген сөз жоқ. Бірақ Конституция бойынша мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Нарықтық экономиканың идеологиясы – осы. Ал шындығында қалай болып жатыр?

Экономикалық плюрализм толық дамымай, әлімжеттік жасап, біреудің меншігін біреу тартып алып, біреуді біреудің тұншықтыруы орын алса, бұл бәсекелестік емес. Оның атын – рейдерлік дейді. Міне, экономикалық тұрғыдан келгенде де, Конституциялық қағидалар бір жағынан іске асып жатса, екінші жағынан қиындықтарға тап келуде. Мұны жасырмай айтуымыз қажет.

Сондай-ақ, биліктің үш тармағы: заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары бар дейміз.

Осының ішінде Қазақстанда сот билігін қашан көрдік? Қай кезде сот билік айтты? Қай кезде сот атқарушы билік пен заң шығарушы биліктің арасында төреші болды? Болған жоқ. Бола алмай жатыр.

Сондықтан биліктің үш тармағы болғанмен, олар бірі-бірімен бәсекелестікке, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінде болады дегенмен де, олардың өздері де өсіп, жетілмей жатыр. Соның ішінде айтып отырғандай, сот билігі көріне қоймауда.

– Мұндай жағдай басқа елдерге де тән бе?

– Жалпы, Конституциялардың тарихын қарап отырсақ, Конституция «мемлекет мынандай болу керек, соған ұмтылу қажет» дегендей, өмірден озып, үлгі болып тұрады екен.

Мен мынадай бір мысал айтайын.

1776 жылы 4 шілдеде Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы декларациясы қабылданады. Сол кезде Америкада байырғы жергілікті халқы үндістерге деген барып тұрған геноцид орнап тұрды.

 Еуропадан, анадан-мынадан қашып-пысып келгендер оларды менсінбейді. Олардың өздері бір-бірімен қырқысты. Елде ешқандай демократия болмады. Америка сондай жағдайда өзінің тәуелсіздігі туралы декларациясын ұсынды. Ондағы құндылықтар мен өмір арасындағы алшақтық жер мен көктей. Бүгін сол АҚШ өз декларациясында айтылған құндылықтарға толық қол жеткізді ме? Жеткізген жоқ!..

– Үш ғасырға аяқ басса да ма?

– Мынандай бір жағдайды айтайын. 2003 жылы Американың Лотт есімді сенаторы кызу айтыс кезінде «негр» деген сөзді айтып қалыпты.

 «Негр» сөзі - нәсілшілдіктің белгісі. Ол сөзді мәдениетті америкалық, оньщ ішінде сенатор айтпайды. Сонда не деп айту керек еді?

Африкалық америкалық дейді, бірақ нәсіліне бармайды. Міне, көрдіңіз бе, қызу айтыс кезінде қара нәсілді адамды шеттету көрініс алып қалды.

 Сол бойда журналистер сенатордың «негр» сөзін қолданғанын таратып жібереді.

Содан соң сенатор: «Менің сенатор болуға құқығым жоқ, себебі Ата заңда жазылған басты құндылықтарды бұздым», - деп, отставкаға кеткен. Америкалық сенатор қателік жіберді, сонымен коса, кісілігін де көрсетті. Міне, бұл – 1776 жылы қабылданған декларацияның әлі де толыққанды жүзеге аспағандығы.

Әттең, біздің елде қазақты басқалар осылай сыйласа, «мен осындай бір қателік жасадым, ұлттың намысына тидім, менің депутат болуға, менің министр болуға құқығым жоқ», деп жатса, бұл үлкен мәдениеттіліктің белгісі болар еді.

Бірақ бізде әзірге ондай мәдениеттілік болмай тур.

Осы ретте менің есіме мына бір жайдың түсіп отырғаны.

Менің Мәжіліс депутаты болған кезімде «Мәдениет туралы» Заңның жобасын қарадық. Жұмыс тобындағы сенатордың бірі «жобадағы қазақтың мәдениеті деген болмайды, оның орнына көпүлтты мемлекет болғандықтан барлық жерде «Қазақстан мәдениеті деп жазу керек», деп ұсыныс айтып, қазақ ұлтының мәдениетін танығысы келмеген еді.

Ол сенатор жұмыс тобынан шығарылғанмен, америкалық сенатор сияқты отставкаға кетпек түгілі қазақ халқының алдында кешірім де сұрамаған болатын.


Конституция — елдің болмысының негізі, жогарыда айткандай, идеология, тәрбие, мұрат. Осыған байланысты тағы бір үлкен мәселе туады.

Бұл - Конституциядағы қағидалар мен өмірдің арасындағы алшақтық. Осы алшақтыкқа халық қатты ызаланады.

Бұл алшақтық неден шығады? Мұнын себебі - біздің саяси-құқықтық мәдениетіміздің төмендігі.

 Кейбір жоғары лауазым иелері өздерін бұқарадан жоғары санап, олардың мүддесіне жүрдім-бардым қарайтынын да көріп жүрміз. Бұл барып түрған әсіре топастык, кешірімсіз тоғышарлық. Десек те, Қытай философы Конфуций: «елдің басында, тіпті, әділ 6илеуші түрғанның өзінде бірнеше ұрпақ алмаспай, елдің санасы, мәдениеті жаңармайды» деген екен. Демек біз де жаңарып үлгере алмай жатырмыз.

Тағы бір ойландыратыны: депутат болған кезімде де, жоғары оку орындарындағы профессор болып, сабақ берген кезімде де, байқағаным - халықтың Конституцияны білмейтіндігі.

Өйткені оқымайды, зердесіне токымайды. Жоғары оқу орындарында қандай мамандықтарды дайындаса да, Конституцияны дұрыстап оқытпайды. Өкінішке қарай, біздің елдің Конституциясы жастардың санасына терең сіңіріліп жатқан жоқ. Ата Заң қағидаларын болашақ заңгердің ғана емес, барлық жастардың бойына сіңіруіміз қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан халқының тарихы іспетті аса құрметті пән болуы тиіс.

«Шенеуніктің істейтін жұмысына мен неге пара беремін? Неге мен оның алдына барып бас иемін?» деген психология жоқ. Егер әрқайсысымыз өзіміздің азаматтық құқығымызды пайдалануға тырыссақ, шенеунік те тартынар еді.


Шенеунікті де, сотты да, прокурорды да басқа шығардық. Өзіміздің азаматтығымыздың деңгейінің төмендігі соншама, пара бермей, мәселе шеше алмаймыз деген ой қалыптасқан. Мәселені пара бермей шешеміз демей, пара беріп шешеміз дейміз. Кейбіреу оны тіпті мақтаныш етеді. Мұндай қоғамды Конституция жұмыс жасамайды. Мұндай қоғамда адамдар бір-бірін сыйламайды, ақшаны сыйлайды.

– Конституцияның жиі көтеріліп жүрген 7-баиы туралы айтпай кетуге болмас...

—      Осы 7-бап бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі -қазақ тілі, соньшен бірге мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі атқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Осыған байланысты кезінде Мұхтар Шаханов екеуміз Конституциялық кеңеске сауал салғанымызда, мемлекеттік тілдің мәртебесі бәрінен де жоғары екеніне түсіндірме жасалған болатын.

Орыс тілінің мәртебесі Конституциялық деңгейде де томен. Дегенмен қоғамдық пікір бүге-шігесін саралай бермейді. «Тең қолданылады» деген сөзге жармасады. Шын мәнісінде, мемлекеттік тіл - біреу.

 

Сұхбаттасқан, Рәзиға Әшеева


2008 ж


 

Рекомендовать
Последние новости