Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа былтыр уәде етілген пәтер кілті берілетін болды

Сағыныш Сардарова 25 нояб. 2025 09:15

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов былтыр уәде етілген пәтер кілтін әлі алмағанын айтты. БАҚ пен әлеуметтік желіде бұл жағдай резонанс тудырған соң спортшыға пәтер берілетін болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Спорт журналисі Аслан Қаженовтің айтуынша, пәтер жыл соңына дейін беріледі.

"Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов бір жыл бойы күткен пәтерін алатын болды. Ол жөнінде палуанның өзі мәлімдеді", - деді журналист.

Айта кетейік, жауапты федерация былтыр сертификатты табыстап, баспананың өзін әлі күнге дейін бермеген.

"Қазір бауырының үйін паналап, жаттығу үшін Талғардан Алматыға қатынайды. Масқара! Ұят!" - деді бұған дейін журналист.

2024 жылы Нұрқожа Қайпанов Албанияның бас қаласы Тиранада еркін күрестен өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.


Рекомендовать
Последние новости