ALAÑ - бұқаралық футболды дамытады

Сағыныш Сардарова 23 окт. 2024 15:03 4082

Жезқазғандағы«Металлург» стадионы енді УЕФА стандартына сай, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жезқазғандағы 6 мың жанкүйер сиятын «Металлург» стадионы енді халықаралық талапқа толық сай.Футбол алаңдарын жаңарту сынды бұл игі бастамаға Қазақстан футбол федерациясы ALAÑ жобасы аясында мұрындық болған. Бұл стадионындағы жасыл алаң соңғы рет 14 жыл бұрын жөндеуден өткен. Енді ALAÑ жобасы арқасында италиялық сападағы төсеніш төселді.

«Біз бір жыл ішінде еліміз бойынша жаңа 10 алаңды қолданысқа бердік. ALAÑ - бұқаралық футболды дамытуға арналған жоба. Футбол ойнау арқылы балаларымыз әлеуметтік желілерден басын тартады, денсаулығын көтереді, ал өскелең жас ұрпаққа жағдай жасау - біздің міндетіміз. Сондықтан, еліміздің футболын бірге дамытайық. Ел бірлігі арта берсін», - деді ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов.

Футбол алаңдарын жаңарту аясындағы ҚФФ-ның ALAÑ жобасы 2023 жылы бастау алған. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы, ал мақсаты - футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.

«60 жылға жуық тарихы бар стадион ALAÑ бағдарламасы аясында жөнделді. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп нақты тапсырмалар берді. Қазақстан футбол федерациясының басшылығына және ALAÑ жобасына атқарылған үлкен игі іс үшін алғыс айтқым келеді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!», - деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков.

Жалпы, ALAÑ жобасы бойынша 2023-2025 жылдары республикамыздағы 20 футбол алаңын жаңарту жоспарда бар. Бұған дейін елімізде Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш қалалары мен Жетісу облысындағы алаңдар қолданысқа берілген болатын. Енді жыл соңына дейін Қызылорда, Атбасар, Саран қаласында жасыл алаңды беру жоспарланып отыр.


Рекомендовать
Последние новости