АЭС құрылысы бойынша соңғы шешімді халық қабылдайды - сарапшы пікірі

Сағыныш Сардарова 28 июн. 2024 09:55 3463

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мониторингтік зерттеу орталығының директоры Дінмұхаммед Ғали АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысына байланысты референдум биыл күзде өтетінін мәлімдеді.
 
"Мемлекет басшысы биыл күзде атом электр стансасын салу мәселесі референдум өтетінін хабарлады. Оның айтуынша, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет атом электр стансасын салу мәселесін пысықтауда. АЭС құрылысы энергетика және экономика саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ғалымдар 2035 жылға қарай Қазақстандағы энергия тапшылығы 3,2 ГВт құрайды деп отыр. Сондықтан, елімізде АЭС құрылысын салу атом энергетикасын дамытуға, энергия тапшылығын жоюға және жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Президент "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын берік ұстана отырып, АЭС құрылысы бойынша соңғы шешімді халық қабылдайтынын айтты. Референдум биыл күзде өтеді", - деп жазды Дінмұхаммед Ғали.

Былтыр 1 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында референдум қорытындысы бойынша атом электр станциясына қатысты шешім қабылдауды тапсырды. 

6 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы атом электр станциясына қатысты референдумды 2023 жылы өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

5 қазанда Энергетика министрлігі Қазақстан "Росатом" және тағы үш компаниямен атом электр станциясына қатысты маңызды келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. 

 
 
 

Рекомендовать
Последние новости