Абай облысының Құрметті азаматы атағы табысталды

Жарбол Кентұлы 13 дек. 2024 17:37 1424

Абай облысының Құрметті азаматы атағы табысталды

Облыс әкімдігінде «Абай облысының Құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімі өтті. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан жерлестеріміздің еңбегін атап өтіп, оларға айрықша белгісін салтанатты түрде табыстады.

«Бүгін біз, екінші мәрте, өңірдің ең жоғары наградасы – «Абай облысының құрметті азаматы» атағын табыстау үшін бас қосып отырмыз. Бұл – елге адал қызмет жасап, құрметке бөленген, халықтың алғысы мен батасын алған жерлестерімізге арналған мәртебелі атақ. Марапат иелерінің әрқайсысы, өңірге, елге танымал. Тіпті шетелдіктер жақсы танитын жерлесіміз де бар. Сондықтан барлығы құрметке лайық деп санаймыз», - деді облыс әкімі өз сөзінде.

«Абай облысының Құрметті азаматы» атағы:

1. Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақстанның еңбек Ері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева;
2. «Вестник», «Адам. Энергия. Атом» журналдардың бас редакторы және ҚР Ұлттық ядролық орталығының төрағасы Эрлан Ғадлетұлы Батырбеков;
3. Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арап Сләмұлы Еспенбетов;
4. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Александр Александрович Милютин;
5. «Зайтенов» шаруа қожалығының басшысы Ерлан Әмірбекұлы Зайтеновке берілді.

Айрықша белгі ерекше мағынаға ие. Ондағы ақ түс тазалықты, әділдікті және шексіздікті көрсетеді. Көк - бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың символы. Алтын түс байлық пен ұлылықты білдіреді. Белгінің ортасында жеті қырымен қоршалған Абай облысының контуры бейнеленген, олардың әрқайсысы оның дамуының негізгі бағыттарын: мәдениет, өнер, білім, ғылым, өндіріс, инновация және басқа да салаларды бейнелейді.


Рекомендовать
Последние новости