Абай облысында тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың гектар және кадастрлық құны 516 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
- Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - делінген Абай облысы прокуратурасы хабарламасында.