Абай облысында көп балалы отбасыларға пәтер кілті табысталды

Dalanews 01 сент. 2023 07:18 1230

Семей қаласында Конституция күні мерекесіне орай көп балалы отбасыларға үй кілттерін салтанатты түрде табысталды. Жекешелендіру және сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй Комсомольский ауылында орналасқан. Облыс тұрғындарына тапсырылған баспаналардың 85 шаршы метрді құрайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов баспана кезегінде тұрған 10 отбасыға пәтердің кіліттерін тапсырып, қуаныш иелерін қоныс тойларымен құттықтады.

– Бүгінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі – халықты баспанамен қамту болып табылады. Биыл қала бойынша кезекте тұрған 122 адамға баспана кілт тапсырылды. Бүгін біз жаңа пәтерлерді көп балалы отбасыларға тапсырып, олардың қуанышына ортақтасып жатырмыз. Сіздерге бақ-береке, жайлылық, жақсылық тілеймін! – деп қала басшысы тұрғындарды құттықтады.


Айта кетуіміз керек, алдағы қыркүйек айында Комсомольский кентінде тағы 32 көп балалы отбасы жаңа үйлерге қоныстанады деп күтілуде.

2023 жылы Абай облысында 43 пәтер көп балалы отбасыларға, 120-сы халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдеріне берілген болатын. Облыстық әкімдік алдағы уақытта тағы да 117 көп балалы отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Рекомендовать
Последние новости