Абай және қазақ болашағы

Dalanews 21 нояб. 2015 01:31 1103

Қазақстан Ғалымдары Одағының Президенті, ҚР ҰИА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбден әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттеріне «Абай және қазақ болашағы» атты дәріс оқыды. Атақты қоғам қайраткері өзінің дәрісінде ұлы дала ойшылы Абай Құнанбайұлының қазақ халқының өміріндегі рөлі және ақын шығармалары мен айтқан өсиеттерінің маңызына тоқталды.


«Өз заманында Абай еркіндік пен құқық, адамгершілік тақырыптары мен тарихи мәселелерді көтерді. Оның ұрпақтарына қалдырған мол мұрасы бүгінгі таңда да өз маңыздылығын жойған жоқ», – деді Оразалы Сәбден. Мәртебелі қонақ Мұхтар Әуезовтің «Абай сөзі – халық сөзі» деген пікірімен келісе отырып, қазақ жастарының Абайдың бай пәлсапасын ары қарай дамыта түсу керектігін айтты.


Оразалы Сәбден Абай пәлсапасын болашақта мемлекет саясатында және қоғамдық өмірде пайдаланудың маңыздылығына да тоқталды.


Авторлық кітабын талдай отырып, Оразалы Сәбден өткен күн мен болашақтың өзара байланысының ерекше екенін айтып, ол әлемде не болып жатыр, біз кім болдық, қазір кімбіз және болашақта бізді не күтіп тұр, ішкі саясатта болып жатқан мәселелер мен рухани құндылықтарды қайта жаңғырту сияқты бірқатар маңызды тақырыптарды өрбітті. Студенттер Оразалы Сәбденге алғыстарын айтып, кездесудің қазақ қоғамының дамуындағы маңыздылығын атап өтті.


«ҚмД» ақпарат




Рекомендовать
Последние новости