3 жылда Қызылорда өңірі толықтай таза ауыз сумен қамтылады

Dalanews 07 нояб. 2014 01:20 1079

Қызылорда облысында 262 ауылдық елді мекен бар. Бүгінгі күнге 185 ауылдық елді мекен, яғни 71 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылған. Бұл елді мекендерде барлық ауылдық елді мекендегі халықтың 94 пайызы тұрады. Қалған 77 елді мекен орталықтандырылмаған, яғни тікелей скважинамен, құдықтармен халық саны аз қоныстанған ауылдар.

«Ол елді мекендерге Ақбұлақ бағдарламасының талабына сәйкес халық санын ескере отырып алдымен жер асты су қорын анықтауымыз қажет. Бұл мақсатта Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне алдағы 3 жылға барлығы 73 елді мекен ұсынылған. Зерттеу қорытындысына қарай ауыз су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары жүргізілетін болады», - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 

Рекомендовать
Последние новости