200 мың доллар пара берген Шымкент әкімінің орынбасары 8,5 жылға сотталды

Көркем Алдабергенова 20 мая 2024 11:17 79057

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8,5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Ол пара берді деген күдікке ілінген болатын. Ол 2023 жылы 20 шілдеде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. 

Фото: Otyrar.kz 

Мақсұт Исаховқа қатысты іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасарына 200 мың доллар көлемінде пара берді деп айыпталды.

Айта кетейік, Мақсұт Исахов 2020 жылғы ақпанда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Қалалық әкімдікте көлік және автомобиль жолдары, еңбек инспекциясы, туризм, дене шынықтыру және спорт, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ, цифрландыру саласы, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелеріне жетекшілік етті.


Рекомендовать
Последние новости