20 млн теңге жалақы алатыны белгілі болған Асхат Тағыберген "Ордабасыдан" кетіп тынды

Сағыныш Сардарова 29 мар. 2025 11:05 1662

Шымкенттік "Ордабасы" және Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген басқа клубқа ауысуы мүмкін, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман футболшымен сөйлескенін, Асхат Тағыберген бұл ақпаратты растағанын айтты.

"Асхат Тағыберген "Ордабасыдан" кеткенін растады. Келісімшарттың аяқталуына 10 ай қалған еді. Толық компенсациясын да талап етпепті. Ең аз нұсқасын таңдаған. Әзірге жаңа клубқа ауыспаған. Жақын күндері ақпарат болып қалар…" - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков "Ордабасының" қаржылық проблемалары туралы айта келе, Асхат Тағыберген 20 млн теңге жалақы алып отырғанын, соған қарамастан жоғары деңгейде футбол ойнай алмайтынын мәлімдеген еді.

"Серый CARDINAL" арнасының мәліметінше, Тағыбергенге "Тұран" мен "Қайсар" клубтары көз тігіп отыр.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде "Тобыл" тарапынан да қызығушылық болғаны туралы ақпарат тарады.

 


Рекомендовать
Последние новости