17 желтоқсанға арналған жол картасы: Жұлдыздар не дейді?

Қаракөз Амантай 17 дек. 2025 07:00

Бүгін жұлдыз белгілеріне батыл қадамнан гөрі байыпты бақылауды, шұғыл шешімнен гөрі байсалдылық таныту ұсынылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тоқты

Бүгінгі күн сізден икемділікті талап етеді. Қарсыласпай, жағдайға бейімделе білсеңіз, ұтасыз. Күтпеген бұрылыс жаңа мүмкіндікке жол ашуы мүмкін.

Торпақ

Әдеттегі тәртіп бұзылуы ықтимал. Бұл сізді мазаламауы тиіс. Керісінше, өзгеріс жаңа тыныс береді. Қаржыға қатысты тәуекелден аулақ болған жөн.

Егіздер

Көп сөз – көп ой. Бүгін ақпаратты сүзгіден өткізіп қабылдаңыз. Бір қарағанда ұсақ көрінген нәрсе маңызды шешімге әсер етуі мүмкін.

Шаян

Ішкі күйіңіз құбылады. Өзіңізді оқшау ұстағыңыз келуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай. Эмоцияға ермей, тыныштық табуға тырысыңыз.

Арыстан

Басқалардың пікіріне тәуелді болмаңыз. Өз жолыңызды таңдауға тура келеді. Батыл қадам ұзақ уақыт күткен нәтижеге жетелейді.

Бикеш

Күн күтпеген тапсырмалармен басталуы мүмкін. Ұсақ шаруалар жиналып қалса да, бәрін жүйелеп үлгересіз. Тәртіп – басты тірегіңіз.

Таразы

Шешім қабылдау қиынға соғады. Асықпай, ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Бүгін таңдау емес, түсіну маңыздырақ.

Сарышаян

Бақылауды әлсіретпеңіз, бірақ бәрін басқаруға да тырыспаңыз. Қарым-қатынаста шындық алдыңғы орынға шығады.

Мерген

Күн сізді шектеуге тырысқандай көрінуі мүмкін. Дегенмен бұл уақытша. Сабыр танытсаңыз, кешке таман жағдай оңалады.

Тауешкі

Жауапкершілік артқан сайын ішкі күшіңіз де күшейеді. Бүгін жасаған ісіңіз кейін үлкен нәтиже береді.

Суқұйғыш

Ойыңыз сан-саққа жүгіріп, бір орында тұрақтай алмауы мүмкін. Барлығын бірден шешуге тырыспаңыз, уақыт өзі реттейді.

Балықтар

Сезімдерге толы күн. Өзіңізді түсінетін адаммен әңгіме жанға жайлылық сыйлайды. Артық уайымнан арылуға мүмкіндік бар.


Рекомендовать
Последние новости