Назарбаев биліктен кетпеуімді сұрады. Мен олай жасай алмаймын

Dalanews 02 желт. 2016 06:46 223



«Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев менен екінші мерзімге қалуымды сұрады», - деді Қырғызстан президенті қорытынды баспасөз мәслихатында.






Оның сөздерінше, Ресей мен Қазақстан басшылары одан тағы бір мерзімге қалуын сұраған. «Бірақ мен олай істей алмайтынымды, біздің халықтың басқа екенін түсіндірдім. Олар кімді лайық деп санайды, соны сайлайды», - деп атап өтті Атамбаев.

Ол сонымен бірге Қырғызстанда президент сайлауы лайықты әрі таза өтеді деді. «Жогорку Кенешке сайлаудан кейін бірде-бір митинг өткен жоқ. Әрине азаматтардың өз дауыстарын сататын фактілер кездеседі, бірақ жалпы алғанда сайлау бұрынғыдай емес», - деді Атамбаев.

Ол сонымен бірге президент сайлауын 2017 жылдың қазан айында өткізуіміз мүмкін деді.

Айта кетсек, Қырғызстан заңнамасына сай бір рет президент болған адам қайтадан сайлауға түсе алмайды. Президенттік мерзім 6 жыл. Атамбаевтың өкілеттілігі келесі жылдың желтоқсанында аяқталады.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x