Елордада волейболдан әйелдер арасындағы Азия XXI чемпионаты аяқталды

Dalanews 13 шіл. 2022 15:39 320

Нұр-Сұлтанда 20 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында волейболдан XXI Азия чемпионаты аяқталды. Турнир жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі Назарбаев Университетінің атлетикалық орталығында өтті.

Турнирді Жапония командасы жеңіп алды. Оның қатысушысы Анна Уемура чемпионаттың ең құнды және ең мықты ойыншысы деп танылды.

Сондай-ақ, жапониялық Каджи Харука мен Амика Токумото сәйкесінше ең үздік байланыстырушы және ең үздік либеро болды.

Турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алған Қытай командасының ойыншысы Ванг Ифан үздік ойыншы атағын алды, ал Жанг Хонгзиян ең мықты тосқауылшы болды. Қола жүлдегер атанған Тай құрамасының ойыншысы Туняпоо Нантикан үздік блокатор ретінде марапатталды.

Турнир кестесінде төртінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы иеленді, одан кейін қытайлық Тайбэй, Иран, Үндістан, Қазақстан және Өзбекстан тұр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x