«БҰҰ-әйелдер» құрылымының Қазақстандағы өкілімен кездесу

Dalanews 06 нау. 2022 02:29 237

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Қазақстандағы өкілі Мария Доценкомен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кездесуде гендерлік теңдік, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Қазақстан орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуде қабылданған халықаралық міндеттемелерді іске асырады.

Іс-шара барысында Мария Доценко Асқар Умаровқа гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша белсенді жұмысы үшін «БҰҰ-әйелдер» құрмет грамотасын табыс етті.

Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Л.Рамазанова қатысты. Гендерлік теңдік, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Қазақстан орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуде қабылданған халықаралық міндеттемелерді іске асырады.

Тараптар өнімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x