Қазығұртта жаңа гидроэлектростанция құрылысы басталды

Dalanews 13 там. 2021 07:01 248

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округінде жаңа гидроэлектростанция салынып жатыр. Аудан әкімі Арман Абдуллаев «Ынтымақ АШӨК» ӨК-нің шағын гидроэлектростанция құрылысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағын ГЭС-тің қуаттылығы сағатына 1,3МВт, жалпы жоба құны 400 млн теңгені құрайды. Жаңа нысанның құрылысы тамыз айында басталды.

Алдағы желтоқсан айында аяқталып, келер жылы іске қосылады деп күтілуде.

Станса іске қосылғаннан кейін бес жаңа жұмыс орны құрылады.

Қазіргі таңда бүкіл әлем планета ресурстарын сарқымай-ақ, энергияның балама көздерін пайдалануға бет алған.

Әр елдің өз климаттық жағдайларына қарай әртүрлі қуат көздері қолданылады. Шағын ГЭС-тің басты артықшылығы – электр энергиясының өзіндік құнының арзан болуы.

Құрылғы қысқа мерзімде жеткізіледі, оны орнату мен іске қосудағы жер дайындау жұмыстары да жеңіл.

Жалпы, облыс бойынша шағын су электр станцияларының саны 5 (Сарыағаш, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт), 2014-2020 жылдары іске асырылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x