Қара жерден ризық-несібесін іздеген еңбекқор жастың бірі – Қараспан ауылдық округіне қарасты Көлтоған ауылының тұрғыны Үмбет Мамытхан.
Бастапқыда 583 400 теңге мемлкеттік грант алып, қияр өсіретін жылыжай кешенін салған іскер азамат, кейіннен өз қаржысымен өндіріс көлемін ұлғайтқан.
Қазіргі таңда «Мамытхан Ү» ЖК 8 гектар алқаптан жылына екі рет өнім алып, табысын еселей түсуде. Бүгінде жобалық кұны 2 миллион теңгеден жоғары жылыжай кешенінде ауыл жастары маусымдық жұмыспен қамтылуда.
«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша Түркістан облысында 9 мың гектарға жуық алқапқа 3 мыңға жуық жоба жүзеге асырылып, 100 мың тоннадан асатын көкөніс өнімі жиналды.