Елордада триатлоннан Ironman Kazakhstan жарысы өтуде

Dalanews 14 там. 2020 05:35 254

Нұр-Сұлтанда беделді спорттық жарыстардың бірі Ironman триатлон сериясының BI Group Ironman 70.3 Astanа жарысы басталды. Оған әлемнің 75 елінен келген 112 эстафеталық команда қатысып жатыр.

Биыл стартқа BI Group Ironman 70.3 Astana жарысының қатысушылары ғана емес, сонымен қатар толықтай жарысу қашықтықтары бойынша BI Group Ironman Kazakhstan қатысушылары да өз бақтарын сынауда.

Бүгінгі таңда 2200 әуесқой триатлоншылар өз күштерін сынауда. Олардың ең жасы Үндістан елінің өкілі Avishkar Gacgale (18 жаста), ал ең үлкен қатысушылар Ресейлік Сергей Кольга мен Германиялық Реинхард Дрогла (72 жаста).

Әлемнің 75 елінен келген 112 эстафеталық команда арасында 1400 қатысушы "жартылай", 800-дей қатысушы "толық" қашықтықты бағындыратын болады.

Қазақстандық қатысушылардың арасында «Орда» тобының солисті Дастан Оразбеков, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, кәсіпқой триатлоншы Екатерина Шатная және «Алматы Марафон» атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева да бар.

Шараның ашылу салтанатына қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов және BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев стартқа жиналған триатлеттерге сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі.

– Құрметті спортшылар, қонақтар! Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіздер! Көптен күткен ауқымды IRONMAN жарысын міне, елордамызда өткізгелі отырмыз. Ұзақ үзілістен, пандемиядан кейін, биыл Нұр-Сұлтан қаласында қайта ұйымдастырудың сәті түсіп отыр. Барша жарыс қатысушыларына сәттілік, жеңіс тілейміз, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.


Айта кетейік, жарыс Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Қазақстан триатлон федерациясының қолдауымен өтуде.

– Қазақстандағы соңғы IRONMAN үш жыл бұрын өткен еді. Біз жарысқа қатысушылардың барлығын қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Аяқтарыңыз шаршамасын, жақсы нәтижелер көрсетулеріңізге тілекшіміз. Біз осындай ауқымды шараға қатысқанымызға ризамыз, – дейді Айдын Рахымбаев.

Еске сала кетейік, IRONMAN старты жыл бойы жер шарының түрлі орындарында өтеді. Олардың әрқайсысында маусымның басты старты – IRONMAN әлем чемпионатына қатысуға құқық беретін белгілі бір орындар (слоттар) ойнатылады. BI Group IRONMAN Kazakhstan Гавайи, Калуа-Конада IRONMAN World Championship 2022-де 45 слот ойнатылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x