Тазабек: "Дәл қазір діни ақпараттардың бір бұлақтан тарғаны маңызды"

Dalanews 07 қар. 2020 09:30 195

«Asyl arna» телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық арна» телеарнасының жұмысына қатысты өткен онлайн брифингке қатысып, көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

Өз кезегінде телемаман діни бағдарламалар ҚМДБ-на қарасты «Халық арнаның» меншігінде болуы керек екенін айтты.

– «Халық арна» пісіп, жетіліп, көрерменге жол тартып жатқаннан кейін, «екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген қағиданы басшылыққа алып, «Асыл арнаның» жұмысын тоқтату турасында шешім қабылдадық. Қазіргі таңда діни ақпараттардың бір бұлақтан тарқағаны маңызды. Өте нәзік, жауапты сала болғандықтан да, біз оны өз мамандарына, істі иесіне қайтарып жатырмыз. Біздің өте үлкен аудиториямыз қалыптасты, көрермендеріміз бар. Оларды қуантатын жобаларымыз бар, – деді ол.


Мұхамеджан Тазабек телеарна аудиториясынан бөлек, әлеуметтік желілерде де жеке аудиториясы қалыптасып үлгергенін тілге тиек етті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x