«Қош бол фонаграмма!». Тоқаев көптен күткен заңға қол қойды

Dalanews 03 қар. 2020 01:57 267

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Жаңа заңда электронды кітапханаларды жұмысын жүйелеу. Еліміздегі шығармашылық одақтардың жұмысын мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселелері жан-жақты қарастырылған.

Бұдан басқа мәдениет саласын реттейтін заңда әншілердің фонограмманы қолдану да заңмен реттелген. Бұдан былай үлкен сахнада аузын жыбырлатып, «ән салатын» жұлдыздарға заңмен тиым саланады. Жалпы, бұл мәселе көптен бері жұрттың талқылауында болған еді. Енді фонаграмма мәселесі заңмен реттеледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x