WorldSkills Shygys-2019 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді

Dalanews 11 мам. 2019 12:16 245

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және «Jastar» жастар жылы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстың жетекші кәсіпорындарымен бірлесе отырып, аймақ колледждері мен жоғары оқу орындарының 270-тен астам студенттері мен түлектерінің қатысуымен 18 ден 22 жас аралығындағы студенттер мен жұмысшы жастар арасында WorldSkills Shygys - 2019 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізеді.

Аймақтық чемпионат 43 құзыреттілік бойынша өткізіледі, олар:

- «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша: «WEB дизайн», «Желілік және жүйелік әкімшілік», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Бизнеске арналған IT-шешімдері», «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару», «Ғаламтор заттары»;

- «Азаматтық көлік қызметі» бағыты бойынша: «Кузов жұмыстары», «Жеңіл көліктерді жөндеу және қызмет көрсету», «Дизельді қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу»;

- «Өндірістік және инженерлік технологиялар» бағыты бойынша: «Инженерлік графика CAD», «Мобильді робототехника», «Прототиптеу», «Мехатроника», «Сандық бағдарламамен басқаратын станоктарда токарлық жұмыс», «Өндірістік автоматика», «Дәнекерлеу технологиясы», «Химиялық талдау зертханасының технигі», «Электроника»;

- «Құрылыс және құрылыс технологиялары» бағыты бойынша: «Ағаш ісі», «Жиһаз өндірісі», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Кірпіш қасбеті», «Сантехника және жылыту», «Плиткамен қаптау», «Электрмонтаждау жұмыстары».;

- «Қызмет көрсету саласы» бағыты бойынша: «Қонақ үй әкімшілігі», «Шаштараз өнері», «Мейрамханалық сервис», «Кондитер ісі», «Аспаз ісі», «Нан пісіру шеберлігі», «Қолданбалы эстетика»;

- «Шығармашылық және дизайн» бағыты бойынша: «Сән технологиясы», «Графикалық дизайн», «Флористика», «Визуалды мерчендайзинг және витринистика»;

- «Білім беру» бағыты бойынша: «Мектепке дейінгі білім беру», «Бастауыш білім беру», «Дене шынықтыру, спорт және фитнес»;

- «Медициналық сала» бағыты бойынша: «Медициналық және әлеуметтік күтім»;

- «Ауылшаруашылық саласы» бағыты бойынша: «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың слесарь жөндеушісі», «Ветеринария»;



Чемпионатқа қатысушыларға облыс кәсіпорындарының жетекші мамандары мен кәсіби қазылар алқасы баға береді.

Атап айтсақ: «Welding Company» ЖШС, «Промтехмонтаж» ЖШС, «ВК ТехноГрупп» ЖШС, «FESTO» ЖШС, «АЗИЯ АВТО» АҚ, «БИПЭК АВТО» АҚ, «KAZ Minerals» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматуралық зауыты» АҚ, «Үлбі металургиялық зауыты» АҚ, Dedeman Oskemen Tavros қонақ үйі, «Силумин-Восток» ЖШС, «1С-Рейтинг» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Султан» мейрамханасы,  «КЭМОНТ» АҚ, «Казцинк» ЖШС, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Экспертиза и Аналитика» ЖШС, «СТИК Star» ЖШС, «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ, «Парасат- энерго» ЖШС, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ, «Отель Nomad» ЖШС, «Отель Shiny River» ЖШС, «ЖБИ Семей-Құрылыс» ЖШС, Гостиный двор «Галирад», «ВостокТехЭксперт» ЖШС, «Кондитер» ЖШС, «Востокмашзавод» АҚ және т.б. Чемпионатқа қатысушылар жұмысқа орналасудың толық мүмкіндігіне ие болады.

Чемпионат жеңімпаздарын марапаттауда бас демеушілердің бірі «КазМырыш» ЖШС.

Аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan 2019 V ұлттық чемпионатына қатысу құқығына ие болады.

Аймақтық чемпионат 2019 жылдың 13 - 17 мамыры аралығында өткізіледі. Чемпионаттың ашылуы 13 мамыр күні сағат 17:00-де және чемпионаттың салтанатты жабылуы 17 мамыр күні сағат 11:00-де Өскемен қаласындағы «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінде өтеді.

Сонымен қатар, WorldSkills Shygys – 2019 аймақтық чемпионаты аясында ағымдағы жылдың 14 мамырында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында «Шаштараз ісі», «Ақпараттық технологиялар» және «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша I аймақтық «Abilympics Shygys - 2019»  кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.

Бүгінгі таңда «Abilympics» мүмкіндіктері шектеулі адамдарды уәждеу, әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру үшін ең тиімді құралдардың бірі болып табылады.

Байқау ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарының студенттері мен мүмкіндігі шектеулі  арнайы түзету-білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізіледі.

WorldSkills Shygys - 2019 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының барысында жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында 2019 жылдың 14-16 мамыры аралығында 7-11 сынып оқушыларына арналған «My PRO» мамандықтар фестивалі өтеді.

Арнайы алаңдарда қатысушылар Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің ең үздік маман иелерімен танысып, «Құрылыс жұмыстарының шебері», «Мұғалім», «Дәнекерлеуші», «Шаштараз-модельер», «Медбике», «Техник-электрик», «Аспаз», «Өнер»,  «Геология», «Байланыс», «Машинажасау», «Есепші» және тағы басқа мамандардың орнында өздерін көре алады.

Қатысушыларды әлемдік чемпионатқа сапалы дайындау мақсатында білім басқармасы халықаралық ынтымақтастықты нығайту шеңберінде WSK шетелдік сарапшыларын тарту бойынша жұмыс жүргізуде және «WorldSkills Shygys 2019»     IV Аймақтық чемпионатына Германияның жетекші компанияларының өкілдері шақырылды: «Төменгі Саксонияның неміс менеджмент академиясы», Дурхгаузен қаласындағы «Schaab» компаниясы және Германияның Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бургомистр кеңесшісі Даутов Мұрат.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x