Биыл Шығыста көпбалалы 200 отбасыға үй беріледі

Dalanews 11 мам. 2019 13:40 701

Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту қарқынды жүргізіліп жатыр. 

Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырмасына сай жыл басынан елімізде көпбалалы жанұялар қоныс тойын тойлап, үй жалдаудың машақатынан құтылуда. 



Өңірлер арасында Шығыс Қазақстан облысы белсенділік танытып отыр. Өңір басшысы Даниал Ахметовтың жіті бақылауы негізінде құрылыс саласына құмбыл көңіл бөлінуде. 

Бұған дәлел былтырғы жыл облыс деңгейінде жалпы аумағы 410 мың шаршы метрді құрайды тұрғын-үй пайдалануға берілген. 



Соңғы 3-4 жылда Тұрғын-үй жинақ банкі есебінен берілетін тұрғын-үйлердің саны Шығыста төрт есеге өскен. 

Аймақ басшылығы 200 көпбалалы отбасыға биылғы жылдан қалдырмай баспана бермекші.


Бұдан бөлек алдағы уақытта өңірде тұрмысы төмен отбасыларға арналған 802 пәтерлі 15 арендалық үй салынады деп жоспарлануда. 



 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар