"Шеврон" компаниясы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуда

Dalanews 15 сәу. 2019 07:28 249

Impact Hub Almaty бизнес шешімдер арқылы әлемді өзгертуді қалайтын жастарды жинады. 

Ұйымдастырушылар «Social Impact Award» халықаралық бағдарламасын ұсынып, әлеуметтік кәсіпорындар құру мүмкіндіктерімен бөлісті.

Бағдарламаны Қазақстанда 2018 жылдың наурыз айынан бері «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Impact Hub Almaty  ұйымы жүзеге асыруда.


«Шеврон» компаниясы өкілі Айнұр Сыдықованың айтуынша, «біздің компаниямыз бірнеше жылдар бойы жастардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлік бастамаларын қолдап келеді, себебі біз жастардың біздің елімізді дамытуға әлеуеті мол екеніне сенеміз”.



Қазақстандағы бағдарлама 18 бен 30 жас аралығындағы Алматы және Астана қалалар жастарына әлеуметтік кәсіпкерлік туралы білімге қол жеткізуіне жетекшілік етіп, және бастапқы капитал мен Social Impact Award халықаралық қоғамдастығына кіру арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті бастауға көмектесіп, кәсіпкерлік машығына үйретеді.

Ең үздік төрт жоба жалпы сомасы 2 000 000 теңге көлеміндегі грантқа және кейін өз жобаларын өрлетуге, сонымен қатар оны Қазақстан атынан 2019 жылдың қараша айында Киев қаласында (Украина) өтетін Social Impact Award жаһандық Саммитінде ұсыну мүмкіндігіне ие болады.



Бағдарламаның Қазақстанда жүзеге асырылуының бірінші жылында (2018 ж.) Астана және Алматы қалаларында 15 әлеуметтік кәсіпкерлік жоба инкубациядан өтуге мүмкіншілік алды, оның төртеуі жеңімпаз атанып, өз жобаларын халықаралық деңгейде Тбилиси қ., Грузияда ұсынды.

Бағдарламаның 2018 жылғы жеңімпаздарының бірі Меруерт Сейдуманова өз пікірімен бөлісті:

«SIA маған естен кетпес әрі керемет тәжірибе берді. Мен әлеуметтік кәсіпкерлік жайлы терең түсінік қалыптастырдым және оны қайта бағаладым. Әлеуметтік кәсіпкерлік дегенде біз қайырымдылық пен қаржы бөлуді емес, өзіңе және қоғамға табыс әкелуді ескеруіміз керек.



Мен өзіме әлеуметтік кәсіпкерліктің жаңа бизнес модельдерін аштым. Мен SIA қатысушылары мен серіктестерінің ынталары, күш-қуаты мен уәждемелерінен үлкен шабыт алдым. Болашағымыз жетістігі мол, табысты және қоғамға жағымды өзгерістер әкелетін әлеуметтік кәсіпкерлер қолында болу керек. ”.

Social Impact Award Еуропадағы әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша ең ірі жастар бағдарламасы. 2018 жылда бағдарлама әлемнің 20-дан астам елінде 1000-нан астам топтың әлеуметтік кәсіпкерлігін дамытты.



2009 жылдан бері бағдарламаға қатысушылардың 60% Social Impact Award-тан 2 жыл өткен соң әлеуметтік кәсіпкерлігін жалғастырып келеді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x