Әкім Зырянға жыл сайын 100 пәтер салуға уәде берді

Dalanews 09 ақп. 2018 09:42 221

ШҚО Зырян қаласында ондаған жылдар арнасында жүрмеген тұрғын үй құрылысы қарқын алып жатыр. Ауданға арнайы іс-сапармен барған облыс әкімі Даниал Ахметов биыл тағы да 100 пәтерлі үйдің құрылысына облыс бюджетінен қаражат бөлетінін жеткізді. Енді жергілікті билік білек сыбана іске кірісіп, жобалық-сметалық құжатын әзірлесе болғаны.

Қазіргі таңда Зырянда 1000 тарта азамат үй кезегінде тұр. Өткен жылы 25 жыл ішінде 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған еді. Биыл күзде ол қолданысқа беріліп, тұрғындар қоныс тойын тойлайды. Қазіргі таңда тағы бір 60 пәтерлі үйің жобалық-сметалық құжаты түзетуден өтіп жатыр.

Аудан әкімінің есептік жиынында сөз алған аймақ басшысы сондай-ақ, жеке тұрғын үй салғылары келетіндер үшін 20 соттық жер телімі берілетінін жеткізді. Айта кету керек, бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бір стильде жеке тұрғын үйлерді салу қарастырылған.

– Біз тағы 100 пәтерлі үй салу үшін қаражат беруге әзірміз. Оның құны шамалы 800 млн. теңге. Бұл құрылыс кешеніне серпін берері сөзсіз. Жыл сайын қалаға тым болмағанда 100 пәтерлі үй салып отыруымыз керек. Бұдан бөлек жеке тұрғын-үй құрылысын да дамытамыз. Ол үшін 20 сотттыққа дейін жер телімін бөлуге рұқсат бердім, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Жеке тұрғын үй салу үшін бүгінде ауданда тиісті аумақ бекітілген. Қажетті инженерлік коммуникация желілері тартылуда. 11 үйдің дайын типтік жобасын да береді жергілікті билік. Бағдарламаға кез-келген ниетті азамат пен тұрғын үй жинақ банкінің салымшылары қатыса алады.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/22146

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x