Ұлан ауданы туризимді дамытуға күш салуда

Dalanews 26 қаз. 2017 16:42 251

Туризм дамуына екпін жасалған Ұлан ауданында келер жылы тағы бір демалыс орны ашылмақ. Жоспар бойынша Шыбындыкөлге жол салынып, жағажай қалыпқа келтіріліп, демалушыларға жағдай жасалады.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаев мәлімеді.

– Қазір жағажай болатын жер анықталып, жоба құжаттары әзірленуде. Сібе көлдеріндегі жағадай сияқты Шыбындыкөлде де демалушыларға барлық жағдайды жасауға тырысамыз, – деді Дәулет Батырбаев.

Аудан басшысы биыл ғана ашылған Шалқар көліндегі «Sibiny family resort» жағажайына қатысты мәселелерге де тоқталып өтті. Жағажайда демалушылар судың лай екенін айтып, шағымданған.

– Жағажай ашылғалы 20 мыңға жауық адам демалды. Бүгінгі күні қамыс басқан жерді тазартудамыз. Егер келер көктемде қамыс қайта өсіп шықпаса, осы технология арқылы жағажайды қамыстан тазартамыз, – деді Дәулет Бахитұлы.

Журналистермен жүздесуінде Ұлан ауданы әкімі Дәулет Батырбаев ет өндіру мақсатында қоян өсіру шаруашылығы қарқынды жүріп жатқанан атап өтті.

– Қазіргі таңда Төлеген Тоқтаров ауылында «ECO Product» серкітестігі қоян өсіріп, оның етін саудағы шығарып, ауданымыз үшін тың кесіпке жол ашып отыр. Болашақта шаруашылық жылына 20 тонна қоян етін нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Шаруашылықта 1000 бас қоян бар, – деді аудан әкімі.

Таңсық кәсіпті қолға алған шаруашылық келешекте өнімдерінің біраз бөлігін сырт елдерге экспорттауды жоспарлар отырғанын білдік. Әзірше олар қоянның етін Өскенмен, Павлодар және Қарағанда қалалараындағы ірі сауда орындары арқы сатып жатыр екен. Қоян өсірушілер тапсырыс беруші дүкендердің ұсынысына бойынша әрбір бір жарым айда 350-400 бас қоянды сойып, етке өткізуде.

 

https://dalanews.kz/22139

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x