Рухани жаңғыруды ауылдан бастаған Оңтүсіктегі халық қалаулысы!

Dalanews 02 қаз. 2017 15:07 436

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскенауылы ңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, «Туғанжер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады» дегенеді. Расында да, әр адамның «шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені» бар. Ол қасиетті мекен – туған жері. Қазақ «Өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» дегенді тегін айтпаса керек-ті. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де – «Тал ек. Гүл ек. Туған жерді түлет!» дейтін ұстанымды берік ұстанған жан. Қазақтың көрнекті жазушысы Шерхан Мұртаза «Түлкібас – тұлпарлар туған жер, сұңқарлар қонған жер» деп асқақтатқан киелі өңірде елге белгілі талай азаматтар түлеп ұшты. Соның бірі – Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Өркен Есейұлы. Халық қалаулысы кіндік қаны тамған туған жерінің әлеуметтік жағдайына бейжай қарай алмайды. Өркен Есейұлының елге атқарған игілікті істерін ауылдағы ағайын да әрдайым тамсана әңгімелеп отырғаны.

 

Ізгіліктің бастауы – отбасы

«Әке – асқар тау, Ана – баурайындағы бұлақ» деген тамаша тәмсіл бар. Әрбір отбасы – шағын мемлекет. Әке мен ана сол шағын мемлекеттің құру­шысы, иесі, қорғаны. Баланың да жақсы болуы – ата мен анаға бай­ланысты. «Атаға қарап ұл өсетіні, ана қарап қыз өсетіні» белгілі. Өркен Есейұлының да әкесінің ерекше жан болғанын ауылдағы ағайын жиі айтып отырады. «Есей ақсақал өте мейірімді, «үлкенге құрметі, кішіге ізеті» бөлек ерекше жан еді. Ауылдағы ағайынның бәрі айрықша құрмет көрсететін «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Өркен баламыздың да Есейдей әкенің тәрбиесін көріп өскені байқалып тұр. Үнемі елге, ауылға, ауылдағы ағайынға қамқор болып жүргені» дейді ауылдағы ақса­қалдар.

Кейіпкеріміздің әкесі Есей ақ­сақал жастайынан еңбекқор, бойында ұйымдастырушылық қа­бі­леті мол жан еді. Олай дейтініміз – Есей қария бала кезден-ақ ең­бекке араласып, білім алып, ауыл­шаруа­шылық саласында жемісті еңбек етті. Ауылды көркейту, дамыту мақсатында ауыл колхозын, кейін ауыл әкімі қызметтерін адал атқарды. Өркеннің анасы Ғалия апай – ұстаздық қызмет атқарып, бала тәрбиесіне көңіл бөлген жан. Мектепте француз тілінен сабақ берді. Ғалия апайдан тәлім алған шәкірттер әрдайым ұстаздарын жылы лебізбен еске алады.

 

Туған жерге туыңды тік

Спортты сүймейтін бала жоқ. Кішкентайынан асық ойнап, доп тепкен ауылдың қара домалақтары­ның ең үлкен арманы – спорт кешенінде жаттығу. Іскер азамат ауылдағы ағайынның арманын далада қалдырмай, олардың спорт­пен шұғылдануына ерекше жағдай жасап берді. Оның дәлелі – Есей Баймаханұлы атындағы спорт кешені. Ұзақ жылдар бойы пайда­ланылмай, қаңырап қалған ғима­ратты жекеменшіктен сатып алып, өз қаржысы есебінен қыруар қаржы құйып, зәулім спорт са­райына айналдырды. Спорт ке­шеніне қажетті спорттық құрал-жабдықтармен де қамтамасыз етті. Қазіргі таңда аталған спорт кешені ауданның балансына беріліп, спорттың бокс, волейбол, баскет­бол және еркін күрес түрлерінен үйірме ашылып, жастар мен жасөс­пірімдердің спортпен шұғылданып, бос уақыттарын тиімді пайдала­нуына да мүмкіндік жасап берді.

Спорт кешенінде 80 бала спорт­тың түр-түрімен жаттығып жүр. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының да бір мезет футбол, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлерімен айналысуына да жағдай жасалған. Кешен ашылғалы бері мектеп спорт­шылары облыстық, респуб­ли­калық және халықаралық тур­нирлерде жақсы нәтижелер көрсе­тіп, биік белестерге жетіп жүр.

Түлкібас жұрты айрықша құр­мет­теп айтатын тағы бір игілікті іс – Мәмбет ата мешітінің қайта жөн­деуден өткізілгені. Мешіт – мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешіріп сұрап, тәубеге келетін қадірлі мекені. Мешіт табал­ды­рығын аттаған жанның қадамына сауап жазылады. Пайғамбары­мыздың хадистерінде айтылғандай, мешітке келушілердің оң аяғына сауап жазылып, дәрежесі артатын болса, әрбір басқан сол аяғының күнә-кемшіліктері кешіріледі. Өркен Есейұлы Машат ауылындағы Мәмбет ата мешітіне де демеушілік жасап, жөндеу жұмыстарын жүр­гізіп, шатырын жаңартып берді. Ескі мешіттің жаңарып қалғанына ауылдағы ағайын да дән риза.

Елдегі ағайынның басы ауы­рып, балтыры сыздаса баратын мекені – дәрігерлік амбулатория. Ауыл тұрғындары талай жыл ауыл мен аудан арасында шабылып жүрді. Қазір ауылдық дәрігерлік амбулаторияның өзінің жедел жәрдем автокөлігі бар. Оны сыйға тартқан да – біздің кейіпкеріміз. Одан бөлек, ауылға қажетті бала­бақша ғимаратының құрылысына да қаржы бөліп, ел игілігіне айнал­дырды. Балабақша салынған жер жекелеген адамдардың игілігінде болып, қараусыз жатқан еді. Жеке­мен­шік жерді сатып алып, көр­кейтіп, көгалдандырып, күл-қо­қыстан тазартып, елдің игілігіне айналдырды. Балабақша құры­лысын салуда халық қалаулы­сының інісі Асылбек Кәрібаевтың да үлесі зор. «Інісі бардың тынысы бар» деген – осы. Өркен ағасына қамқорлық көрсетіп, балабақша құрылысының бітуіне қолғабыс тигізді. Бүгінде елу орындықты балабақша халыққа қызмет етуде. Машат ауылындағы «Әулие» бас­тауы да қоршауға алынып, басына белгі орнатылды.

Т.Рысқұлов, Түлкібас, Састөбе елдімекендеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа қо­сымша халық қалаулысының ықпалымен 2,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Бүгінде өзі сайланған өңір­дің әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне ықпал жасап отыр.

 

Артық ғылым – кітапта

Хакім Абай: «Артық ғылым кі­тапта, ерінбей оқып көруге» дейді. «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» депті Толстой. Құндылықтың кілті – кітапта. Әлі­шер Науаидың «Кітап – ақылына алтын сұрамайтын алтын қазына» деген тәмсілін біздің кейіпкеріміз де берік ұстанады. Оның дәлелі – ауыл кітапханасы. Өркен Есейұлы ауыл тұрғындарын көркем әдебиет­ке тарту мақсатында өз қаража­тынан қаржы бөліп, кітапхана тұрғызды. Ол кітапханаға 3800 кітап қорын сыйлады. Артық ғы­лымның кітапта екенін сезінбесе, ауылдағы ағайынның, жас жет­кін­шектің көкірек көзі ояу болғанын қаламаса, осындай іс-әрекетке барар ма еді?! Максим Горькийдің «Егер мен байысам – тек қана кітап сатып алар едім» деген сөзі еске түседі. Кейіпкеріміз де бала кезінен осы қағидамен өмір сүріп келеді. Қазір ауыл кітапханасында кітап құшақтаған бала көрсеңіз, кейіпкеріміздің арманы орын­далғаны.

Кейіпкеріміз марапаттан да кенде емес. Елге атқарған игілікті істері үшін, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, спорт саласына қосқан үлесі үшін Түлкі­бас ауданы әкімінің алғыс хат­тарымен, Оңтүстік Қазақстан облы­сының туризм, дене шынық­тыру және спорт басқармасыны Құрмет грамотасымен, ұлттық қо­ғамдық «Алтын жүрек» сый­лығымен марапатталған. Түлкібас ауданының Құрметті азаматы. Елбасының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медаліналды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәр­лікпен атсалысу – шынайы пат­риотизмнің маңызды көріністе­рінің бірі. Бұл – кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біз­дің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жү­гірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тарап­тан сұқтанған жат жұртқа Атаме­кеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» дейді.
Басқа қалаға көшіп кетсе де, туған жерін ұмытпай, үнемі қам­қорлығына алып жүретін азамат­тарды да ел білуге тиіс. Өркен Есейұлы: «Еліме титтей де бір жақ­сылық жасасам, ол атымды шы­ғарсам деген мақсаттан туындап отырған жоқ. Қолымнан келсе, елге шапағатымды тигізгім келеді. Ауылыма иненің жасуындай жақ­сылық етсем, ол анам мен әкемнің алдындағы балалық парызым. Абай атамыздың: «Өзің құрмет­темеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?» деген аталы сөзі бар. Ата-анамыз өмір бойы туған жерде еңбек етіп, тер төкті. Біздің де мақсатымыз – елдің береке-бірлігін, ынтымағын сақтай оты­рып, үлкен-кішіге құрмет көрсету» дейді.
Қандай жағдай болса да, замана қалай құбылса да, адамдық қасие­тінен айнымайтын, ел-жұртын ұмытпай, оған қамқорлық жасап жүрген жандар көп. Соның бірі – Өркен Есейұлы. Хакім Абайдың: «Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйі­нерге жарар ол» деген өлең жолы еске түскенде, ел үшін, ұрпақ үшін еңбек етіп жүрген осындай азамат­тарымыз ойға оралары анық. Халық қалаулысының атқарар ісі алда. Әлі талай биіктерді бағын­дырары сөзсіз. Туған жерден, яғни Түлкібас ауданы, Машат өңірінен спортта бағы жанған мықтылар топ жарып жатса, онда Өркен Есейұлы­ның арманы орындалғаны.

 

Материалдарды «Айқын» газетінің тілшісі Гүлзина БЕКТАС дайындады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x