Артыңнан тепсем, мұғалімдік жұмысыңа қайта ораласың

Dalanews 24 там. 2017 03:10 286

Медиа орталықта өткен Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясының жиналысында премьер-министр Абдулла Арипов телеарнаға тікелей эфирге тыйым салды. Ол Шерзода Кудратхаджаев жүргізетін тікелей эфирін сынға алып, оның мәлімдемесіне балағаттап жауап берді.

Аты-жөнін жасырған жергілікті журналист Азаттықтың өзбек қызметіне жиналыс кезінде үкімет басшысы мен халықаралық пресс-клуб жетекшілері арасында кикілжің туындағанын айтады.
– Премьер-министр Абдулла Арипов Халықаралық пресс-клуб жетекшісі Шерзода Кудратхаджаевқа қарап «Сен, жігіт, сезімнің шегін ұмыттың! Сен өзіңді кім деп санайсың?» деді. Премьер-министрдің сөзіне ашуланған Кудратхаджаев «Мені қызметіңізбен қорқытпаңыз, сіздің маған Сен деп айқайлауға құқығыңыз жоқ» деді. Екеуі сөз таластырып қалды. Премьер-министр Шерзодаға «Егер сенің артыңнан тебетін болсам, бұрынғы мұғалімдік қызметіңе қайта ораласың» деп балағаттады, –  дейді жергілікті журналист.

Осыдан кейін премьер-министр Ұлттық телерадиокомпания басшысы Бабур Алихановқа сөгіс жариялап, телеарнаға кадрлық өзгерістер жасауын талап еткен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x