Алматы облысы мен «ForteBank» арасында байланыс нығаймақ

Dalanews 03 шіл. 2017 14:23 301

 

Бүгін «ForteBank» АҚ-ның Қаскелең қаласындағы бөлімшесінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «ForteBank»АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қарасай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі А. Баталов «ForteBank» АҚ-ның Қаскелең қаласындағы бөлімшесінің жөндеуден өткен ғимаратын аралап көрді.

- Бүгін облыс әкімдігі мен банк арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасып отырмыз. Бұл екі тараптың байланысының тың мүмкіндіктеріне жол ашып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді деп сенемін, - деді облыс әкімі А. Баталов.

Аталмыш банктің облыстық филиалының директоры Гүлжанат Абдрахманованың айтуынша, «ForteBank» АҚ-ның Алматы облысында бүгінгі күні 10 бөлімшесі жұмыс істейді. Оның 4-еуі Талдықорған өңірінде болса, 6-уы - Алматы маңында. Сонымен қатар жуырда Талдықорған қаласында жаңа филиалының құрылысы басталмақ.

«Меморандум аясындағы атқарылар шаралар арқылы облыстағы біз қызмет көрсетіп отырған 50 мыңнан астам жеке тұлғалар мен 4 мыңнан астам заңды тұлғалар үшін тиімді мүмкіндіктер қарастырылса, ал банк қызметкерлеріне жаңа міндеттер жүктеледі», - дейді Г. Абдрахманова.

Жалпы, «ForteBank» АҚ - бүгінгі күні Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкі арқылы елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау білдіріп отырған бірден-бір банк. Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жүйесінің, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы ретінде де кәсіпкерлікті ілгерілетуге атсалысып келеді. Ынтымақтастық барысында Алматы облысының шағын және орта бизнес саласында да осы мүмкіндіктер барынша кеңінен қатмамасыз етілетін болады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x