Жетісу жастары «Жетісу тарландарымен» кездесті

Dalanews 22 мау. 2017 13:01 279

«Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары «Жетісу тарландары» командасымен кездесу өтті. «Жетісу тарландарын» облыс басшылығы мен жастары атынан Жақсылық Омар құттықтап, өзара әңгімелесті.  

 «Жастарға «Айбын» әскери-патриоттық ойыны ұнады, өйткені онда олар өздерін шыдамдылық пен беріктікке сынап көреді, жауынгерлік рухтарын нығайтады, командада жұмыс істеудің не екенін біле алады», – деді «Жетісу тарландары» клубының жетекшісі Ж.Канапиев өз сөзінде. Жастар жарыстың қызықты болғанын, кездескен кедергілер, жеңіс тұғырына көтерілген сәттегі сезімдері туралы жарыса әңгімеледі.

Ескерте кетейік, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық жиынға 600 адам қатысқан.  Республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің, өңірлердегі әскери-патриоттық клуб мүшелері мен Ресей Федерациясының Оренбург Президент кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Алматы облысының атынан шыққан «Жетісу тарландары» командасы 16 өңірден шыққан әскери-патриоттық клуб арасынан жүлделі 1 орынды иеленді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x