Өзбек билігі Каримовке 1 жылда 3 ескерткіш орнатпақ

Dalanews 06 нау. 2017 11:56 201



Өзбекстан телеарналары елдің бірінші президенті Ислам Каримовке Ташкенттен, Самарқаннан және Қаршиден ескерткіш орнатады деп хабарлады. Президент Шавкат Мирзияев жобалармен жеке танысып, мемориал кешенін Өзбекстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына қарсы аяқтауды бұйырған.





Өзбекстанның «Ахборот» телеарнасында президент Шавкат Мирзияевтың сөйлеген сөзін көрсеткен. Онда Өзбекстан басшысы «Біздің халық және әлемдік қауымдастық Ислам Каримовтің есімін Джордж Вашингтон, Шарль де Голль және Мұстафа Кемал Ататүрік секілді біртуар мемлекеттік және саяси тұлғалармен қатар қояды» деген.

Ресми хабарламада айтылғандай, Өзбекстан тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында Ташкенттегі бірінші президент отырған Ақсарай резиденциясы алдында ескерткіш орнатылып, ғылыми-ағарту мемориял кешені ашылады. Сол секілді Самарқан қаласының орталығы мен Каримовтің еңбек жолы басталған Қарши қаласындағы саябақта тұңғыш президенттің мүсіні орнатылады.

Былтыр Ресей президенті Владимир Путин де Ислам Каримовке Мәскеуден ескерткіш салынатынын айтқан. Ол Мәскеу қалалық думасының шешімі бойынша, Большая Полянка көшесіндегі саябақтан орын тебетін болды. Түркіменстанда алаң мен саябаққа Ислам Каримовтің есімі берілді. Ол 2016 жылдың 2 қыркүйегінде 78 жасында миына қан кетіп қайтыс болды. Самарқандағы қабірі бүгінде құрмет көрсету орнына айналған.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x