Алматыда термешілер байқауы өтеді

Dalanews 23 қар. 2016 14:17 195

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.

15094397_1855516474684612_5884760818858115402_nАталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан бір-бір үміткерден қатысып, өз бақтарын сынайтын болады.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.

Байқауда жыршы-термешілермен бірге дәстүрлі әншілер, танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Өткізілетін орны:     Алматы қаласы,«Алатау» дәстүрлі өнер театры, Момышұлы көшесі, Алғабас -1, 6-үй

Өткізілетін уақыты: 24.11.2016 ж., сағат 15.00

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x