9-қыркүйекте Үкімет отставкаға кетуі мүмкін

Dalanews 08 қыр. 2016 05:54 237

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.



Жұма күні — 9-қыркүйекте Кәрім Мәсімов үкіметінің отставкаға кетуі күтіліп отыр. Бұл туралы Астанадағы жағдаймен таныс дереккөз мәлім етті деп хабарлады Қазақстан Жаңалықтары ақпарат агенттігі.

„Үкіметтің отставкаға кетуі күтіледі„ деді агенттіктің сенімді дереккөзі.

Мәсімов алғаш рет министрлер кабинетін 2007 жылы басқарды, бұл қызметте ол 2012 жылға дейін болды.

2012-2014 жылдары Кәрім Мәсімов ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі болды. 2014 жылдың 2-сәуірінен бастап ол үкіметті басқарып келеді.

Астанада 9-қыркүйекте жұмада Елбасының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Дереккөз: kaz.365info.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x