Әкімнің дауыс көтеріп сөйлегені дұрыс па?

Dalanews 07 қыр. 2016 03:38 249

Әйелінің ескертуіне құлақ аспаған Қапшағай қаласының әкімі кешірім сұрауға мәжбүр болды. Өйткені, қатты сөйлегені үшін Сәтжан Қиқымовқа үйінде жолдасы ескерту жасайды екен. Бірақ үйдегі әдет қала ма? Жұмыста да әкім үйдегі әйеліне сөйлегендей қатты сөйлейтінін айтып әлеуметтік желідегі жұртқа талқылайтын тақырып тауып берді болды. Бұл жайында 31 арна хабарлайды.

Сәтжан Қиқымов Қапшағай қаласының тұрғынынан «сен» деп сөйлеген болатын. Қазақы жалпақ тілде мұны дікіңдеп сөйледі деп есептейтіні белгілі. Бірақ, әкім дікіңдемедім дейді. Сәтжан Қиқымовтың айтуынша «табиғи даусы осы, халық дұрыс түсінбеген». «Ал қабылдауда болған Антон Федоровтың дәлелсіз кінәлай сөйлегені де дұрыс болмады. Сондықтан көпшілік бұл істе біржақтылық танытпаса», – дейді.

– Бізді сөгіп, жамандады. Взяточниктер, сатылған, бәрін сатады, бәрін қырады. Енді мен жас бала болғаннан кейін «ты» дегенім рас. «Ты отвечаешь за свои слова» дедім. Сол «ты» дегеніме мен кешірім сұраймын. Вообще мен қатты сөйлейтін адаммын. Совещание өткізген кезде де қатты сөйлеймін, – деді Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымов.

Кейбір сайттарға әкім тіпті әйелінен ескерту де алғанын айтыпты. Ал, шын мәнінде оқиға былай болған. Антон Федоров Қапшағайдың бүкіл мәселесін жіпке тізіп айтып шыққан. Сөзін ешкім бөлмеген. Бірақ, оған әкім жауап берген сәтте «сен» деп сөйлеген. Бар болғаны осы. Кейбіреу әкімнің дауыс көтеріп сөйлеуі дұрыс емес десе, кейбірі оны әдейі ашуландырғанын айтуда. Ал облыстық әдеп кеңесі бейнежазбаны қарап, толыққанды зерттеп, қажет болса Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың әрекетіне шара қолданатынын мәлімдеді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x