Back

Дүзелбаев жарысты сәтті бастады

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында садақпен ату бойынша жеке сында қазақстандық спортшы Сұлтан Дүзелбаев өзінің қарсыласы – қытайлық Гу Сюэсуннан басым түсіп, жарысты ары қарай жалғастыратын болды. 20 жастағы талдықорғандық Сұлтан Дүзелбаев – Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Бұл спорт түрі қазақтар арасында енді дамып келеді. Талдықорғандық жігітке ата-бабалары асынған бес қарудың бірі арқылы әлемге танылу бақыты бұйырсын дейміз.