Қыздар университеті QS «3 жұлдызын» иеленді

Dalanews 07 шіл. 2016 05:33 321

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті QS StarsUniversityRatings халықаралық рейтингісі бойынша «3 жұлдыз» иеленген тұңғыш педагогикалық жоғарғу оқу орны. ҚазМемҚызПУ – еліміздегі педагогикалық білім беретін оқу орындары арасында үздік әрі көшбасшы. Оқу орны ұжымының белсенді әрі бірлескен қызметі жыл сайын жемісін беріп келеді. Ұлт тәрбиешілерін дайындауды мақсат тұтқан оқу ордасы өз миссиясынан таймай келеді.

Бұған дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті тәуелсіз рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша үздік педагогикалық университет атанған. Мамандар дайындау бағыттары және деңгейлері бойынша республикамыздың барлық жоғары оқу орындары арасындағы 7 орында тұрған университет. Ал енді ҚазМемҚызПУ жаңа деңгейге көтерілді – білім беру сапасы, инфрақұрылым, әлеуметтік орта және басқа да ерекшеліктерімен халықаралық рейтингтің «3 жұлдызына» ие болып отыр.

QS Stars – университет қызметінесегіз өлшемі бойынша көпаспектілі баға беретінQS Quacquarelli Symonds құрастырған рейтингтік жүйе.Білім беруді ұйымдастырудың 50 индикаторы бойынша жүргізілген аудиттік кешенді тексерудің қорытындысы бойынша университетке рейтингтің 0-ден 5+-ке дейінгі QS  «жұлдызы» беріледі. Университет жұмысы тәуелсіз дереккөздері арқылы кешенді сараптама негізінде бағаланады. Оның ішінде академиялық және кәсіби орта өкілдерінің (оның ішінде – жұмыс берушілердің)  сауалнамасының қорытындысын, білім беру мекемесіне деген студенттер мен түлектердің көзқарасын да ескере отырып жалпы баллдан қорытынды рейтинг бағасын анықтайды.

QS Stars талабында көрсетілгендей QS Intelligence тобы өте қатал әрі тәуелсіз сараптама көрсеткіштері мен тиімділік қорытындысын шығара отырп, рейтинг әдіснамасы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «3 жұлдызды» беруге ұйғарым шығарған.

QS е Stars ™ рейтинг жүйесін 2004 жылдан бастап QS World University Rankings® тәуелсіз құраушысы QS Intelligence Unit арқылы электронды жүйе бойынша басқарылады. QS е Stars рейтингісі университеттерді халықаралық стандарттар бойынша алдын ала белгіленген маңызды көрсеткіштер арқылы бағалайды. Осы арқылы білім беру мекемелерін үздік көрсеткіштерге талпындыра отырып, олардың деңгейлерін арттыруға септігін тигізеді.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті әрбір жекелеген өлшем бойынша бағаланды: білім беру – 5, түлектерді жұмысқа орналастыру – 3, интернационализация – 1, инфрақұрылым – 5, әлеуметтік жауапкершілік – 2, инклюзивтік – 5, зерттеу – 1, қорытынды балл – 3.

 

 

«Қыздар университеті» медиа орталығы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x