«Кәсіпқор» білікті кадрларды дайындауға күш салуда

Dalanews 07 шіл. 2016 05:27 1116

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2016 жылдың 20 маусымы мен 1 шілде аралығында еліміздің барлық аймақтарындағы колледждерінде «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогы» атты біліктілік курсын өткізді. Холдинг қыркүйек айына дейін еліміз бойынша 2600 адамының, яғни, 300 басшы және 2300 инженер-педагог қызметкерлердің білігін көтеруді көздеп отыр. 

Осы шара ясында 27 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысында «Шымкент қаласының жаңа технология колледжінің» базасында дөңгелек үстел өткізіліп, «Кәсіпқор» холдингінің» модульдік-құзыреттілік тәсілінде құрастырылған білім беру бағдарламаларын Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына енгізудегі маңызды сұрақтары сұрақтар бойынша пікір алмасу болды.

ҚР Білім және ғылым министрінің үстіміздегі жылдың 10 наурыздағы № 193 бұйрығына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі» атты біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы мен жұмыс оқу жоспары бекітілген болатын. Бағдарлама мазмұнына қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын, аймақтық ТжКБ беру жүйесінің басшылары мен инженер-педагог қызметкерлерінен Холдингтің штаттан тыс тренерлерін даярлау бойынша арнайы модулі енгізілген еді.

Министрліктің тапсырмасы бойынша «Кәсіпқор» холдингіне  шетелдік серіктестермен бірге әзірлеген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуге колледж басшылары мен педагогтарын оқытуды бастап кетті.

Тыңдаушылар шара барысында білім беру модульдерін құрастыру мен жобалаудың практикалық білімі мен дағдысын, ТжКБ басқа да модульдік бағдарламаларымен интегралдау механизмін модельдеуді және модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде студенттердің, арнайы пән оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің оқуын ұйымдастыруды меңгереді.

Осыған дейін оқытылған курс қорытындысы бойынша ТжКБ беру ұйымдарының 142 қызметкерлеріне аймақтық тренер статусы тағайындалып, оларға холдингтің сертификаты берілген-ді.

Енді Холдингтің штаттан тыс тренерлеріне аймақтарда ТжКБ беру ұйымдарының басшылары мен инженер-педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын жүргізу міндеті жүктеледі.

«ҚмД» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар