Балаларға қуаныш сыйлады

Dalanews 06 мау. 2016 21:35 237

Таяуда «Мейірімділік шуағы» жобасы аясында №1 Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Next» ойын-сауық орталығында іс-шара өтті.

Шара барысында балалар бірнеше қызметтік аймақтарға, оның ішінде PC zone, Console zone, Open Mation zone, Kids lounge тағы басқаларына барды. Орталықта балаларға ТМД елдерінің ең үлкен ойын топтамасы ұсынған. Әр компьютерде 90-нан астам əртүрлі жанрдағы ойындар бар. Балалар сүйікті ойын приставкалармен, əткеншектермен, сырғанақтармен, лабиринт-трансформерлермен, ұшатын зеңбіректермен, жұмсақ ойыншықтардың топтамасымен тек сүйікті мультфильмдер көретін жұмсақ жастықшасы бар арнайы бөлмелерде ойнады. Бұл аймақтарда балалармен бірге екі аниматор ойнап, жарыстар ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шара «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен, «Next» ойын-сауық орталығының, «Gippo» фаст-фуд желісінің қолдауымен іске асты.

«Болашақ» Қауымдастығы бұл – «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының алған тәжірибелері мен мүмкіндіктерін біріктіре отырып, елдің тұрақты дамуына үлес қосу мақсатын көздейтін коммерциялық емес ұйым. «Мейірімділік шуағы» – бұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылық жоба. Әр жыл сайын жоба аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мәдени-танымдық және ойын-сауықтық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Жобаны әрдайым стипендиаттар мен белсенді жастар қолдап отырады.

Нұрлан БИІМБЕТ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x