Джоли сүйіктісіне арал сыйламақ

Dalanews 27 мау. 2015 11:30 167

Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли жары Брэд Питтің 50 жасқа толған мерейтойына орай жүрек пішіндес аралдардың бірін сыйға тартуға оқталғанын әлемдік ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр.


Анджелина Джолидің сатып алатын аралы Нью-Йорк қаласынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан. 4,5 гектарды құрайтын аралдың құны 20 млн. долларға бағаланыпты. 1950 жылдан бастап игеріле бастаған шағын аралда тікұшақ қонатын алаңқай мен зәулім үйі бар. Ең бастысы аралдағы нысандарды Брэд Питт қатты ұнататын сәулетші Фрэнк Райт тұрғызғанын айта кетуіміз керек. Осылайша Анджелина Джоли сүйіктісінің жүрегіне жол тауып, көңілінен шығуды мақсат тұтуда. Голливудтың жұлдызды жұбы бірнеше жылдан бері қол ұстасып, бірге өмір сүріп келе жатқаны белгілі. Олар алты баланың ата-анасы. Үш бала өздерінің баласы, ал қалған үш баланы қос ғашық асырап алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x