Жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған: жұмыссыз жастардың үлесі қандай?

Жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған: жұмыссыз жастардың үлесі қандай?
gov.kz

Қазақстанда жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 249 598 адам жұмысқа орналастырылған.

Жыл басынан бері 96 415 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Былтырмен салыстырғанда 30 мыңнан аса адамға артқан. Бүгінде жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрақты табыс пен толық әлеуметтік кепілдіктерге ие болып отыр.

Сонымен қатар, министрлік мәліметінше, еңбек нарығы құрылымында да оң өзгерістер байқалады. Бұрын жұмыспен қамтудың едәуір бөлігі уақытша жұмыс орындарының үлесіне тиесілі болса, бүгінде басымдық ұзақ мерзімді жұмыспен қамтуға беріліп отыр. Уақытша жұмысқа орналасқандар саны 115 960 адамнан 76 953 адамға дейін қысқарған. 

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 392 мың адамға жетіп, жалдамалы жұмыскерлер қатары шамамен 150 мың адамға ұлғайған. Жұмыссыздық деңгейі - 4,5%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3% деңгейінде сақталып отыр.